Мектеп тарихы

Мектептің тарихы - бұл мұғалімдер мен оқушылардың жеңістері мен жетістіктерінің тарихы. Мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын болуы керек. 1967 жылы Ермак қаласында, қазіргі Ақсу қаласында №4 орта мектебі ашылды. Алғашында 8 жылдық мектеп болатын.  
2017 жылы мектебіміз елу жылдық мерейтойын атап өтті. Бірінші болып 59 түлек мектеп бітірді. Мектептің алғашқы директоры Томашевич Лев Сергеевич болды. №4 орта мектеп әрдайым тек бірінші орындарды алып, Қызыл Ту иегері атанды. 1970 жылдан бастап мектеп А.П.Гайдар есімімен атала бастады. 1975-1981 жж мектепті Долина Людмила Андреевна басқарды. 1981-1982 жж мектеп директоры Истомина Зинаида Васильевна болды. 1982-1993 жылдары мектепті Болгерт Ирина Ивановна басқарды. Осы кезде мектеп ғимараты кеңейтілді.  1994-1998 жылдары мектеп директоры Пилицкая Валентина Ильична. 2005жылдан бастап, жаһандану дәуірінде мектепті Кариева Шолпан Даулетбекқызы басқарып келедеі. Мектептің қалануынан бастап бүгінгі күнге дейін 2113 түлек мектепті бітіріп, аттестаттарын алды. Алтын медальмен мектепті - 81 оқушы бітірді.