2020-2021 оқу жылының басталуын ұйымдастыру жөніндегі мәлімет

Жаңалықтар жарияланды 02.09.2020

blog-post-image

«Ақсу қаласының 4 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де 2020-2021 оқу жылы нормативтік құжаттарға сәйкес оқыту үдерісі қашықтықтан және кезекші сыныптарда  ұйымдастырылды.

2020-2021 оқу жылында мектепте  1248 оқушы бар, оның 5615-і бастауыш сыныптарда оқиды. Даярлық сыныптарға 26 білім алушы қабылданды. Даярлық сыныптар қашықтықтан оқитын боп шешті. 1-4-сыныптардың 320 оқушысы кезекші сыныпта оқиды. Ата-аналардың өтініші негізінде 3 ауысымда білім алады, барлығы 25 сынып ашылды. Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберілді.

Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асырылуда. Бір қабатта бір сынып оқиды. Әр сыныпқа арнайы кабинет жабдықталған, бір партада бір оқушыдан, парта арасында қашықтық сақталған.

  Мектепте 4 кіру-шығу есігі бар. Сыныптардың кіру интервалы – 15 минут. Сабақтың басталуы мен аяқталу уақыттары әртүрлі.

Әлеуметтік алшақтықты қамтамасыз ету үшін мектеп алаңын пайдаланамыз, сыныптар әр түрлі уақытта шығады.

Оқушыларды  ата-аналары мектептің сыртқы есіктеріне дейін алып келіп,  оқу күні аяқталғаннан кейін мектептің сыртқы есіктерінен үйге алып кетеді.

  Мектеп дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етілді (4 кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, 4 тепловизор, санитайзерлер, бетперде, қолғап).

  Күн сайын мектеп медбикесі мен кезекші әкімшілік температураны өлшеп, ауру белгілерін анықтайды. Ауырғандар анықталған жағдайда оқшауланады.

  Әр кабинетте және шығу постарында санитайзерлер мен пайдаланылған бетперделерге арналған жәшіктер қойылған.

5-11-сыныптардың  661 оқушысына, 1-4-сыныптың 241 оқушысына оқу процесі қашықтық форматында ұйымдастырылды.

  Ата-аналардың өтініші бойынша 27 отбасыға ноутбуктер берілді.

 Мектепте 103 мұғалім сабақ береді. Олар қашықтықтан оқыту курсынан өтті. Қашықтан оқыту үдерісі синхронды және асинхронды форматта жүргізіледі.

Мектеп Kundelik және online-mektep платформасын таңдады.

Мектептегі жағдайды және қашықтықтан оқып жатқан оқушылардың сабаққа қатысуын әкімшілік қадағалап отырады.